Азақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын талаптар

123456

Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары – имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде... қайда барсаң да Қорқыттың көрі – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер.Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады;

- біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан;

- екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан;

- үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан;

- төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу;

- бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан;

- алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден;

- жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден;

- сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан;

- тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан;

- оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.

Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген.



1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек;

2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек;

3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек;

4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт;

5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек;

6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс;

7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек;

8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек;

9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет;

10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек;

11) әдептілік;

12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» - дейді.

Осы қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым.Әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін алдымен нені білу керек?», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат» атты трактаттарында: ұстаз қандай болу керек, ұстаз бен шәкірттің ара қатынасындағы психологиялық мәселелер туралы көп айтылған. Ғұлама бабамыздың түсінігінше ұстаздар да, қала басшысы да тәрбиелік қызмет атқаратын адамдар: «Ұстаз баланы тәрбиелесе, қала басшысы барша халықты тәрбиелейді. Олай болса екеуі де «Сегіз қырлы, бір сырлы» халыққа қай жағынан болса да үлгілі адамдар болуы тиіс», - деді. Әл-Фараби «Нағыз тәрбиеші ұстаздың бойында он екі тума табиғиқасиетжәне алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам болу керек», - дей келіп, оның мынадай сипаттамасын береді:

- өнер-білімге құштар;

- мүшелері мүлде мінсіз;

- жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;

- өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз;

- өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;

- тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;

- жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;

- жаратылысынан игі істерге ынтызар;

- әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;

- жақындарына да жат адамдарға да әділ

- пасықтық атаулығы мүлде рақымсыз;

- қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек;

- бойына туа біткен он екі, сондай-ақ өмір барысында жүре қалыптасатын алты қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады», - дейді.

Әл-Фараби болашақ мұғалім даярлауда ең алдымен еңбек етуге тәрбиелеу ең басты - қасиет деп санайды және еңбекті бірнеше түрге бөліп көрсетеді. Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлескен еңбек. Ол жастарды халықтық еңбекпен айналысуын жөн көрді, және мынадай өлең жолдарын да арнады: «Халықтың қамын жесең, таза еңбек ет, Дәстүрді ұста, көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бірақ жол бар, Білім, еңбек, тәрбие, ол – парасат». Бұл жерде Әл-Фараби таза, адал еңбекті – тәрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тәрбиені неден бастау керек?» деген еңбегінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеруді, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны үйрену үшін адамның ар тазалығын, оның жеке басының тазалығын, еңбексүйгіштігі мен қызығушылығын бірінші орынға қояды.

Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.

Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма» - деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет.

Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б. Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы - өтелмейтін парыз. Соның ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың», - деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде әкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «әкең біледі», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нәрсені әкесінің нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді.

Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді. «Он үште отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген сәтінен он үшке дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады, елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Қазақ этикасымен салыстырғанда шетелдегі әлеуметтік қызметкер этикасына осындай талаптар қойылады:

- мұқтаж жандарға әрдайым көмек беру,жақсылық жасау,жұмыс орның пайдаланбау;

– адал және жауаптылықпен жұмыс істеуге, еңбек тәртібін сақтауға, басшылығының өкімдерін нақты және уақытылы орындауға, жұмыс уақытын өнімді еңбекке арнауға;

– тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда қарастырылған еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, еңбектің өндірістік және санитарлық гигиенасы, өртке қарсы қорғану және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтауға;

–адамдардың өмірі мен денсаулығына,адамның мүлкін сақтауға қауіп төндіретін жағдайлардың туындауын алдын алу;

– өз ісіне лайықты болуға, басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін атқаруға бөгет болатын әрекеттерден аулақ болуға, жалпы қабылданған адамгершілік және этика нормаларын ұстануға, әлеуметтік қызметкер беделін сақтауға атсалысуға, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауға міндетті.

– қиын балалар мен жаман оқитындардың терең білім алуына жәрдемдесетін педагогикалық және ғылыми процестің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге;

– оқитындардың таңдап алынған даярлық бағыттары (мамандығы) бойынша кәсіби білімдерін қалыптастыруға;

–оқитындардың дербестігін, ынталарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

– өздерінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейлерін үнемі арттырып отыруға;

– ғалымдар арасында жалпы қабылданған адамгершілік және этика нормаларын – еркіндіктің қажетті шарттарын, атап айтқанда ғылыми нормаларды ұстануға;

– педагогикалық этика нормаларын сақтау;

– қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту түрлерін пайдаланып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың білім алуына жәрдемдесу;

-клиенттің абыройын құрметтеуге міндетті.

– орындалатын жұмыстың көлемін, мерзімі мен сапасын реттейтін еңбек шартымен, нормативтік актілермен айқындалатын жұмысты уақытылы және ұқыпты орындауға;

– жұмыс пен шығарылатын өнімнің сапасын тиісінше қамтамасыз етуге, жұмыста қателіктерге жол бермеуге, өзінің еңбек міндеттерін адал атқаруға, еңбек тәртібін сақтауға;

– қалыпты жұмыс істеуге кедергі келтіретін немесе оны қиындататын себептер мен жағдайларды тез арада жою шараларын қолдануға және болған оқиға туралы Академия басшылығына немесе тиісті бөлімшенің жетекшісіне жедел хабарлауға міндетті.

– мінез-құлық этикасын сақтауға;

– мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға (оқитындар мемлекеттік қызметшілер болған жағдайда) міндетті.

– конференция, симпозиум, семинарларға, оның ішінде шетелде өтетін жұмыстарға қатысуға;

– кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін материалдық және моральдық көтермелеуге, орден, медаль, құрметті атақтар, төс белгілері және мақтау грамоталарымен марапатталуға;

– өз қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;

– өзінің кәсіби адалдығын және абыройын қорғауға;

– ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогикалық өтілін сақтай отырып шығармашылық демалыс алуға;

-азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге;

Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;

5) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

6) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолдануға, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;

7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

8) мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекетті болдырмауға; мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерін қозғайтын мәселелер жөнінде шешімдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметіне араласпауға;

9) кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектілерінің мүдделерін сүйемелдеуге жол бермеуге;

10) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;

11) қызметі жоғары немесе төмен тұрған не өзімен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелділіктегі адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

12) мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметін пайдалану фактілеріне жол бермеуге;

13) заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдік жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілік және шетелдік туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;

14) өзінің іске көзқарасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге;

15) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

16) кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

17) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуге;

18) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.2. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер: 1) азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;

2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын, соның ішінде көлік, сервис және өзге де қызметтерді алу кезінде, баса көрсетпеуге және пайдаланбауға,

3) өзінің іс-әрекеттерімен және шешімдерімен қоғам тарапынан негізді сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

4) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;

5) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарым-қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез-келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

7) сыпайы және әдепті болуға тиіс.

Осымен сәйкес әлеуметтік қызметкерге келесы талаптар қойылады:

1) бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге және олардан қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

2) бағынысты қызметкерлеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік фактілеріне, адамдық қадір-қасиетін кемсітуге, жөнсіздікке жол бермеуге;

3) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиіс.

4) мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары сөйлейді.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірталасты әдепті түрде жүргізуі тиіс.

5) мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

- мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

- жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпараттарды ашатын болса;

- мемлекеттің лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруге тиіс емес.

6) мемлекеттік қызметшінің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы және/немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, біреудің мүдделерін сүйемелдеуі жөнінде негізсіз көпшілік алдында айыптау болған жағдайда, ол тиісті түрде мұндай айыптауларды теріске шығаратын ақпаратты жариялауға тиіс.

7) мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды теріске шығару, соның ішінде сот арқылы теріске шығару шараларын қабылдауы керек.

8. мемлекеттік қызметшілердің Кодексті сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады.

9. Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

10. Мемлекеттік органның ұжымы оның басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшінің Кодексті сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады


6139114193901193.html
6139137090589417.html
    PR.RU™